«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы » мемлекеттік мекемесінің «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 11 шілде мен 11 тамыз аралығында БҰӨ КММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды: Бақылау төмендегі бағыттар бойынша:
1.персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2.мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,
3.мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4.бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
5.жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
6.ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ағымдағы жылдың 11 тамызға дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз tsad_7su@mail.ru. Сұрақтар туындаған жағдайда 8-7282-41-54-57 телефоны бойынша хабарласуға болады